Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды.Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді,отбасы түзелмей,болашақ түзелмейді.
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді. Сондықтан бүгін үш буын аралас, әжелер мен аналар және қыздарға “Қызым саған айтам…” атты тағылымы мол еркін форматтағы жиналыс өтті.