Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің “Абай Құнанбаев атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, білім беру ісінің үздігі, педагог-шебер санатындағы білікті де білімді, барша жанға үлгі болатын өз ісінің хас шебері Нугаева Зина Орысбайқызы мемлекеттік награда “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, мектебіміздің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Джумагулова Гүльмира Далабаевна, тарих пәні мұғалімі, педагог-шебер Кобесова Канслу Кудайбергеновна мемлекеттік награда “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды.
Математика пәні мұғалімі Орунбасаров Джалғасбай Тугелбаевич ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНЕН “Құрмет грамотасымен”
химия пәні мұғалімі Амирханова Шынар Хисметовна облыстық білім басқармасының “Алғыс хатымен” ағылшын тілі пәні мұғалімі Наурызбаева Камшат Сахановна облыстық білім басқармасының “Құрмет грамотасымен”марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!