Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында мектеп мұғалімі Матжанова Қ.Е. Жаңаөзен Қалалық Тарихи өлкетану Мұражайына 2 "Д" сынып оқушыларымен саяхатқа шықты. Оқушылар қасиетті өлкеміздің тарихымен танысып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу қажеттігін ұғынды. Сондай - ақ, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу тікелей міндеттері екендігін жете түсінді.