Ұлы жеңістің 77 жылдығына орай «Ұлы жеңіс жасасын!» тақырыбында 2 "Д" сыныбы сынып жетекшісі: Матжанова Қарлығаш Есқарақызымен Жаңаөзен қалалық Ардагерлер үйінде тәрбие сағатын өткізді. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баули отырып патриоттық тәрбие беру арқылы оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамытты. Оқушыларға үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында өтті.