oC
×

Ескерту

The form #1 does not exist or it is not published.

Мектебіміздің кәсіптік бағдар мамандарының ұйымдастыруымен, мектеп бітіруші түлектердің таңдаған мамандықтары бойынша Өрт сөндіру басқармасына экскурсия жүргізілді. Бөлім қызметкерлері ғимарат бойынша экскурсия өткізді, оқушыларды бөлімшенің құрылымымен, қызмет өту ерекшеліктерімен, сондай-ақ құтқарушылардың қарулануында тұрған арнайы техникамен таныстырды. Экскурсия барысында оқушыларға құтқарушылар қолданатын құралдарды өз – өзіне және өзара көмек көрсету арқылы сынап көру, төтенше жағдайлар кезінде өткізілетін іс-шаралар туралы білу мүмкіндігі ұсынылды. Балалар көптеген сұрақтар қойып, өрт сөндірушілерді үлкен қызығушылықпен тыңдады. Экскурсия тек оқушыларға ғана емес, мұғалімге де жақсы әсер қалдырды.