Мектебіміздің кәсіптік бағдар мамандарының ұйымдастыруымен, Жас сақшылар және мектеп бітіруші түлектердің таңдаған мамандықтары бойынша Полиция басқармасына экскурсия жүргізілді. Сапардың мақсаты: оқушыларға ішкі істер саласындағы түрлі мамандықтардың ерекшеліктерін таныстыру және оларды болашақ мамандық таңдауына бағыттау болды.
https://www.instagram.com/reel/DCy5KffspVt/?igsh=ODhmeGtjOHIzdjg1
Маңғыстау облсының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «А.Құнанбаев атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп» КММ кәсіптік бағдар берушілері М.С.Абуева, А.А.Кенжеғалиева 2025 жылдың 15 қаңтар күні «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар» колледжінде «МЕКТЕП-КОЛЛЕДЖ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ ЖАҢА АҒЫНЫ» тақырыбында өткізілген облыстық семинарға барды. Мұндай семинарларда білім беру саласындағы заманауи трендтер, инновациялық оқыту әдістері мен кәсіби даму мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар осы семинарда мектебіміздің 11 «Ә» сынып оқушысы Джумабай Мирас осы оқу орнының студенті. Семинар барысында практикалық жұмыстарының нәтижесінің куәсі болдық. Бұл семинардың негізгі пайдасы – жаңа идеялар алу және оларды болашақта оқыту процесінде қолдану және басқа қатысушылармен танысып, тәжірибе алмасу. Семинар өте жақсы деңгейде өткізілді.