Бүгін, 10 қаңтарда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Маңғыстау облысы білім басқармасы және «Хабар» Агенттігінің ұйымдастыруымен 11-сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының іріктеу кезеңі өтті.
📌 Ойынның мақсаты:
• Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру;
• Дарынды, жоғары интеллектуалды оқушыларды анықтап, қолдау көрсету.
🔢 Шараға аудан мен қаладан іріктелген 63 үздік оқушы қатысып, 60 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады. Нәтижесінде, ең жоғары ұпай жинаған 5 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
🏅 Жеңімпаздар қатарында №19 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Тұржанов Жансейіт бар! 🎉
Республикалық кезеңде облысымыздың намысын қорғайтын оқушыларымызға сәттілік тілейміз! 💪📖