Біздің мектебіміздің мақтанышы, қайсар рухты оқушымыз Алимжанов Дамир Жаңаөзен қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, “Жыл адамы – 2024” атанды! 💫
Дамир – табандылық пен еңбектің жарқын үлгісі. Ол бочча спортында шеберлігімен көзге түсіп, еліміздің абыройын асқақтатты. Биылғы Қазақстан Республикасы Кубогының жеңімпазы атанып, спорт саласында талай белесті бағындырды. Оның ерік-жігері мен жеңіске деген құштарлығы бәрімізге үлгі.
Мектеп директоры Нугаева Зина Орысбайқызы Дамирды арнайы құттықтап, оның табыстары ұжымымызға зор мақтаныш екенін атап өтті.
🌟 Дамир, алдағы асулардан сүрінбей өтіп, биік шыңдарды бағындыра бер!