Биыл мектеп табалдырығын аттаған балалар әріп танып, оқу-жазуды үйренудің алғашқы сатысынан өтті. Бүгін мектебіміздің 1-сынып оқушылары әліппемен қоштасты. Әліппемен қоштасуға тыңғылықты дайындалған бұл сыныптар өлең оқып, ән айтып, би билеп бар өнерлерін ортаға салды. Көптің алдында мүдірмей сөйлеуге жаттығып қалған оқушылар зерек, алғыр екендіктерін аңғартты. Оқушылар әріптер әлемімен толық танысып, келесі кезеңге қадам басты. Енді балалардың дүниетанымы «Ана тілі» оқулығы арқылы одан әрі кеңейе түседі.