oC
×

Ескерту

The form #1 does not exist or it is not published.

Балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру мақсатында «Абай Құнанбаев атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп» КММ –де 25 қараша мен 9 - желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» тақырыбында науқан өтті. Жоспар бойынша 6-сынып оқушыларымен «Хабарласыңыз! Көмектесеміз!», 5- сынып оқушылар арасында «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы!» тақырыбында сынып сағаттары, мектеп психологының ұйымдастыруымен «Жанұяда зорлық-зомбылық болмасын!» тақырыбында ата-аналармен психологиялық тренинг, 7-сынып оқушыларымен «Біз-отбасы бақыты үшін» тақырыбында сурет көрмесі, мектеп ұжымымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы педагогтардың атқаратын рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жоспарға сәйкес, зорлық зомбылықтың құрбандарын анықтау мақсатында мектеп психологы жоғарғы сынып оқушыларынан анонимді сауалнама алды. Сауалнама қорытындысы бойынша зорлық - зомбылықтың құрбандары болған оқушылар анықталған жоқ. Сауалнама соңында зорлық зомбылықтың түрлері түсіндіріліп, талқыланды.